• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:42:57
Алматы
+12°

20 Наурыз, 2014 NEWS

Құмар ойынының құшағындағы "Сәкен Сейфуллин"

Біз осы күнде жастардың көп әрекетін «Қазақ менталитетіне жат» деп сөгіп жатамыз. Өйткені қылықты қыздарымыз бен қайсар ұлдарымыздың саны күн сайын азайып бара...

Біз осы күнде жастардың көп әрекетін «Қазақ менталитетіне жат» деп сөгіп жатамыз. Өйткені қылықты қыздарымыз бен қайсар ұлдарымыздың саны күн сайын азайып бара жатқандай көрінеді.  Абай атам "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі жан құмары, біреуі тән құмары" деп бекер айтпаған сияқты. 3 жастан ұялы телефонды жастанып жататын ұрпақ неге құмартады?

Иә, біздің жас буын пайдасынан зияны басым, уақытыңды бос өткізер кері тартпа нәрселерге әуес. «Букмекерлік кеңсе», «Компьютерлік клуб», «Түнгі клуб», «Автомат ойындары» атаулары қайда көз тастасаң алдыңнан күлімдеп шыға келеді. Әрине, бұл жасөспірімдерге таптырмас нысандар. Құмар ойынның жетегіне еріп, жетесіздікке бой алдырғандардың саны күн сайын көбею үстінде. Ойынхана біреулердің қалтасын қалындатса, біреулерді мүлдем көк тиынсыз қалдырып жатыр. Құмар ойын бизнесіне мемлекеттік салық айлық көрсеткішпен 30-дан 830 есе мөлшерін құрайтын көрінеді. Бюджетті де қаржылардырып отырғаны ақиқат. Ойынхана Қазақстанның 2 аймағында ғана ресми түрде жұмыс атқаруға рұқсат берілген болатын. Олар: Көкшетау мен Алматыдан 70 шақырымдағы Қапшағай қаласы. Казинолар Қапшағайдың сәнін келтіріп қана қоймай, халықты жұмыспен де қамтамасыз етіп отыр. Балалық шағымда «үлкендер неге біз сияқты жүгірмейді екен, неге ойнамайды екен»,- деген ой әркімнің де басында болған шығар. Сөйтсек, үлкендердің өздерінің де ойнайтын жерлері бар екен. Ол ойында үлкен құмарлық, бір кірсе шыға алмайтындай, бойынды баурап алар қасиеттер жатыр. Бұл тек сыртқы пішіні ғана, ал біз білмейтін қаншама жасырын жайттар жатыр мұнда. Халықтың қаражатын жымқырғандардың да баратын орындары осы.

Қапшағай қаласында алғашқы казинолардың бірі болып ашылған Фламинго ойынханасы. Дәл осы ойынхананың алдында Сәкен Сейфулиннің ескерткіші орналасқан. Құдай-ау, бұл не сұмдық дерсіз... Бізді қойшы, сырт көз не дейді? Қазаққа қал-қадерінше қызмет еткен Сәкен Сейфуллин сынды тұлғаны мынадай жерден көргендер атақты "Құмар патшасы" ма деп ойлап қалуы әбден мүмкін ғой.

Аллаһ: «Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (Бұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен сақтаныңдар» (Мәида, 90) деген.  Шәкәрім Құдайбердіұлы:

 «Құмарлық деген бір ит бар,

Жаныңа жау шын ит бар.

Алды-артыңа қаратпас,

Рахымы жоқ тым ит бар», - дегендей құмарлықтың құшағын кеңге жайған осындай ордаларға бас сұғар жандардың саны азая түссе болар еді.

Мәулен Анербаев

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір