19 Наурыз, 2014 NEWS
Қытайда тұратын бір қазақтың жан сыры
Күні кеше жариялаған “Шетелдегі Қазақ жастарына үндеу” біздің сайтымызбен қатар, Қытай қазақтарының сайттарында да түрлі пікір туғызды. Осыған орай,...
Күні кеше жариялаған “Шетелдегі Қазақ жастарына үндеу” біздің сайтымызбен қатар, Қытай қазақтарының сайттарында да түрлі пікір туғызды. Осыған орай, Қытайдағы бір қандасымыз үн қосқан екен, назарларыңызға жолдаманың мәтінін ұсынып отырмыз...
Мен 1968-жылы туылдым . Ол жылдары «Қытайдағы мәдениет зор төңкерісі» кезеңі болатын. Балалық дәурімді аса жоқшылық кезеңде өткіздім. Алайда оқуға қатты құлшындымда, мектепті үздік нәтижемен бітіріп,1986 жылы Іле педагогикалық инстиутының саясат факультетіне оқуға түсітім. Бірақ бұл жылдары Қазақстан елінде 16 желтоқсан уақиғасы болғанын ол кезде қайдан білейін! 1990-жылы оқу бітіріп, аудандық толық орта мектепке саясаттану пәнінен сабақ беретін оқытушы болып жұмыс істей бастадым. Бір жылдан соң СССР тарап кетті. Тосын жаңалық бізді де елең еткізді. Қуанбаған Қазақ баласы кемде-кем. «Қойшы,қайтеміз!» деушілерде болды. Кейбіреу көшуден қорықты, неге қорыққанын кім білсін! Мен қызуда қырпулы шағым. Қызметім бар, жақсы жалақым бар. «Ол жаққа барғанда ата-анамды кім бағады,қандай күндер күтіп түр?» деп ойладым. Елде әрі –сәрі. Аздаған адамдар кетіп жатты… 1998-2000 Жылдар аралығында көші-қон жандана бастады . Осы кезде кетушілер шамалы молая бастаған кез болатын. Ал ол кезде мен Қазақстанды жамандаушылар қатарында болдым. «Ол жақта шошқа етін жей береді екен, жергілікті Қазақта Қазақы рух жоқ, барсаң өзіңді тонап, жаныңды алады екен!» дедім. Осы аралықта балалы-шағалы болдым. Құдай берген бір ұл, бір қызды өсіріп алаңсыз жаттым. Күндер өтіп жатты.. 2012 Жылғы Лондон олимпиадасынан кейін мен Қазақстан жайлы шынайы ақпараттарды іздестіре бастадым. Олимпиада кезіндегі жетістіктер менің ойымды серпілтті. Қазақстан еліне қоныс аударуды ойластыра бастадым. Ұлым толық орта , Қызым орталау жылдықта «Қос тілді» мектепте оқиды. Менің қасіретім де, өкіншім де 2014 жылы Қырымға Ресей әскерін кіргізгеннен кейін басталды. Бір жыл бұрын ғана бүтін елдің бөлшектенуі өте оңай екен. Қазақстан еліне төнген қауіп мені мазалағанда мен Қазақстанға жүрегім байланғанын бірақ білдім. Басқа қонған бақ бағалағанда ғана ұзақ тұратынын танып жеттім. Мен кеш қалғанымды сездім. Қатты өкіндім. Мен: «23 жыл не бітіріп жүрдім? Мен сатқынмын, мен опасызбын, мен ақшаға бола, жақсы,тыныш тұрмысқа бола 23 жылдық өмірімді ысырап еткен ессіздігімді енді қалай толтырамын?» деп арпалыстым. Иә, «ештен кеш жақсы» дегенғой. Мен Қазақстан елінен шақыртуымды алдырып,аудартып, барлық құжат жұмыстарымды бітіріп, қазір виза ашқызу жұмыстарымен жүрмін. Қазақстан еліндегі танысым « Ақшаның құлағын көрсетсең, азаматтықтың да құлағы көрінеді» деген үміт пен хабарды жылтың еткізді… Не болсада бара көрейін, Әрқашан Алладан тілерім: менің қателігім мен өкінішімді басқа бір пендеге, басқа бір Қазаққа бере көрме!- деп тілеп келемін…
kultegin
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір