• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:41:04
Алматы
+12°

18 Наурыз, 2014 NEWS

Шетелдегі қазақ жастарына үндеу! Не өл, не кел...

“Шетелдегі” десекте ата-бабамыздан қалған өз жерімізде отырған ардақты Бауырлары, Ағаларым, Жеңгелерім, Іні-Қарындастарым!!

“Шетелдегі” десекте ата-бабамыздан қалған өз жерімізде отырған ардақты Бауырлары, Ағаларым, Жеңгелерім, Іні-Қарындастарым!!

Соңғы кезде әлемде болып жатқан оқиғаларды біліп,көріп жатқан боларсыңдар! Ресей зорекер-шапқыншылары тәуелсіз Украин елінің территория тұтастығына қол сұғып, Қырым парламентін қарулы адамдармен қоршап, депутаттардың отбасын,бала шағасын қорқыту арқылы  Ресейге қосылуға мәжүбір етті. Бұл барып тұрған зорекерлік! Өздерің білесіңдер, Қазақ елі алғаш тәуелсіздік алған күннен бастап шетелдегі қандастарын шақырды. 20 жыл бойы көші-қон саясаты үзбей жүріп келді. Соның арқасында елге бір миллион қазақ оралды. Олар Қазақ елінде өсіп-өніп, тиісті еңбек етіп, жақсы өмір сүріп жатыр. Әрине, осы барыста кейбір орысқұл, Қазақ елінің тәуелсіздігін, қауіпсіздігін ойламайтын, көрсоқырлардың кесірінен көшке қолдан кедергі жасалғаны белгілі. Дегенмен өткен 20 жыл ішінде қазіргіден де көп қазақтың Атажұртына оралуына болар еді. Мүмкін өмірдің бітпейтін ұсақ тірлігі мұрша бермеген болар. Тіпті, кейбір керенау ойлайтын қандастарымыз елге өкпе-наз айтып,көштің байсалды болуына кедергі келтірді.

 Міне, дәл қазіргі уақытта жеріміздің тұтастығына қауіп төніп тұр десек те болады. “Өгізге туған күн бұзауғада туады!”. Егер расында Қырымдағы жағдай біздің солтүстік обылыстарда қайталанса, онда шетелде жүріп “Мақтан ететін” жалғыз Отандарыңның тағдыры не болмақ? Отан  – сырттай тамашалап, қызықтап, жыр-сөз арнап қана қоятын зат емес. Ол – сенің анаң! Анаңа өкпелеп, жау қолына тастайтын болсаң несіне қазақсың? Несіне адамсың? Қалай десек те, қанша кедергі жасалса да, мың жерден бөгет, жүз жерден асу қойылса да дәл осы сын-сағатта кеудесінде оты бар шетелдегі қазақ жастары елге бет  бұруы тиіс. “Бастарыңа іс түскенде шақырдыңдар ма?” деп танауларыңды көкке көтермеңдер. Менің басыма түскен уайым – сенің басыңа түскен азап! Елдегі кейбір мәңгүрт шенеуніктерге өкпелеп, Отаныңнан жеріме! “Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа” деген аталарымыз! Аталы сөзге тоқтайтын халық едік, «Елім» дейтін жастар Қазақстан жеріне бет алсын! Тұп-тура жоғарыдағы картада көрсетілген қазақтің үлес салмағы төмен өңірлерге шаңырақ көтерсін! “Тамшы тас теседі,жіп ағаш кеседі!” дейді. Өз отанымызға тамшыдай тамып, көлімізді көбейтпесек,бізді кім жарылқайды? Бізді азуын айға білеген АҚШ та, Еуропада құтқара алмайды. Қазақты тек қазақ қана құтқарады. Қазақты жамандама Қазақ бала, Халықпыз Қазақ деген аз-ақ қана! Мәңгілік ай астында,жер үстінде, Қазақтың жанашыры қазақ қана!(Күләш Ахметова) Мың ауыз сөзден бір қадам іске көшетін уақыт келді! Сын-сағатта атқа қонбасаң,  кейін ерлігіңнің керегі қалмайды. Не осындайда келіп Отаныңа уық бол, не мәңгі келмей-ақ тойғызған жұрттың топырағына сіңерсің... “Жау кеткен соң қылышты боққа шаппаймын!” деген қазақ бүгіннен бастап елге тартсын.Келсін де қазақтың бір-бір қызын жар етіп, азаматтықты тез алсын.  Еш кедергі жоқ!

Серік Мұратхан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір