• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:02:10
Алматы
+12°

06 Наурыз, 2014 NEWS

Қазақстан бүгіннен бастап Ресей боданы болғаны ма?

Соңғы жаңалықтарға  қарағанда, Ресейдің әскери полициясы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде жасақталып  жатыр. Мәселен, 05 наурыз  күні  АЗАТТЫҚ радиосы...

   Соңғы жаңалықтарға  қарағанда, Ресейдің әскери полициясы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде жасақталып  жатыр. Мәселен, 05 наурыз  күні  АЗАТТЫҚ радиосы төмендегі ақпаратты жариялады: «Ресейдің Қазақстандағы әскери бөлімдерінде әскери полиция бөлімшелері құрылып жатыр деп хабарлайды бүгін Ресей қорғаныс күштері Орталық әскери округінің баспасөз қызметі».

     Украинадағы жағдай  көрдік. Қырымдағы Ресей әрекеті ақылға қонымсыз, ал, енді кеше ғана Қазақстан жеріндегі Сарышағанда әскери полигонда Ресей зымыранын сынады, Шығыс Қазақстан облысындағы орыс казактарының атқа мінуі, біздің мемлекет басшысының шұғыл түрде Мәскеуге барып, «Еуроазиялық одақ» деген "мифті" шындыққа айналдыруға жанталаса кірісуі - осының бәрі өңіміз бе, түсіміз бе?.. Ресей енді келіп, Қазақ жерінен ұзақ жылға жалған алған өздерінің әскери полигондарына әскери полиция құрып, оларды арнайы әскери жабдықтармен, сауыт кеудешемен, травматикалық тапаншамен, резеңке таяқтармен, кісендермен жабдықтап жатқаны туралы АЗАТТЫҚ радиосы хабарлап отыр. Сонда, Ресейдің әскери полициясы Қазақстан халқымен күреспеген де, айдаладағы Украина азаткерлерімен емес, АҚШ, Батыс елдерімен мұнда қалай күреспек? Сонда Қазақстан бүгіннен бастап қайтадан Ресей боданы болғаны ма? Орыс Қазақстан сияқты тәуелсіз мемлекетке өздерінің әскери полициясын неге құрады? Мына онсыз да тексіз, құл-құтан орысқұл биліктегілеріміз - күлбілтелемей, жасырып, жаппай, осы қазір Қазақтың "өті жарылып" кетсе де, неге ащы шындықты бетіне жайып салмайды? Сонымен, Қазақстан тәуелсіздігінен айрылып, қайтадан Ресей отары болды ма, жоқ па?..

Жұмаш КӨКБӨРІ

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір