• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:02:32
Алматы
+12°

05 Наурыз, 2014 NEWS

Мәңгілік ел – жаңалық емес, ол - Алаш идеясы

Бүгінгі билік «жаңалық» етіп жар салып жүрген «Мәңгілік ел» ұғымының бастауы сонау Күлтегін заманында жатқан болар. Дегенмен кешегі, ХХ ғасырдың басында...

Бүгінгі билік «жаңалық» етіп жар салып жүрген «Мәңгілік ел» ұғымының бастауы сонау Күлтегін заманында жатқан болар. Дегенмен кешегі, ХХ ғасырдың басында «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болған» Алашорда үкіметі өзінің қыбыласын «Мәңгілік ел» етіп алған еді. Біз айтсақ Алаштан бастап айталық.

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді Алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз!

"Алаш ұранынан" артық қазаққа қандай "мәңгілік" керек? Ендеше бүгінгі «Қазақ елі» жар салып жүрген «Мәңгілік елдің» тұғыры – "Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз" деген Алаш идеясы болу керек еді. Бірақ қазіргі жағдай мүлдем кереғар.

Алаштықтар Ресейден қалай іргесін аулаққа салуды ойласа, бүгінгі «Мәңгілік ел» мұрагерлері  қайтіп орыстың құшағына кіреміз деп жанталасуда. Тәуелсіздіктен кейінгі 23 жылдық «жанталас» нәтижесі – Еуразиялық экономикалық одақ болайын деп тұр.

Бүгін Әлихан Бөкейхановтың туған күні. Қазақтың тарихын, тәуелсіздігін бекемдейтін мұндай мерейлі күнді қазақ билігі қаперіне алмайды. Есесіне «Жаңа жыл» десе, «Жеңіс күні» десе, оның пәленбай жылы десе Сталин көрден тіріліп келгендей тайлы-тұяғына дейін атқа қонады. Міне «Мәңгілік елдің» бүгінгі сиқы.

Көзіне шел біткен шенуніктер алда келе жатқан Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын,  Алашорда үкіметінің 100 жылдығын өткізуді назарына алмаса алмасын. Онсызда күні бітіп, күлді-бадам тірліктеріне нүкте қойылатын кез келе жатыр.

Өзін текті атаның баласымын деп сезінетін былайғы жұрт «Алашорда» идеясын санасынан еш өшірмейді. Өйткені ол – мәңгілік елдің мәңгілік идеясы. Күн сөнгенше сөнбейі.

Хазірет Әбділда

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір