• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:08:44
Алматы
+12°

Ресей  "дұрыс" қадам жасады

Саясатта ешқандай достық болмайды, тек мүдде қатынасы ғана болады. Әлде бір жаттанды диалогтардың бұндай мүддеде пайдасы шамалы болатынын күнде көріп, біліп отырмыз.

Ресейдің Украинаға әскер кіргізу туралы шешімі бір жағынан қажеттіліктен болды. Кез келген ел өз ұлтының мүддесі мен қауіпсіздігі үшін аянбайтыны хақ.  Оның үстіне, Қырым мен Харьков сынды Украинаның шығыс аймақтарында орыстар мен орыс тілділер басым. Олар Ресейден өздерін ұлтшыл-радикалдардан қорғауды талап етіп отыр. Оның үстіне бұл қиын кезеңді сәтті пайдаланған орыс ұлтшылдары Украинаның жаңадан келген билігін мойындамауда. Украинадағы ахуал шындығына келгенде орыстың ойындағысын істеуге табыла кеткен себеп болды. Сонымен,  РФ Мемдумасы көмектесуге бел буып, орыс армиясы Украинаға бет алды.

Тағы бір жағынан, Украинадағы  саяси тоқырауды пайдаланып, орыстың ықпал аумағына қарата сұғанақты жасауды көздеген батыс елдерінің  алдын алу болатын. Егер НАТО немесе Евро Одақ өз қауыпсіздік күштерін Украинаға кіргізсе ертең Орыстың маңдайына кіретін шөгір болатыны даусыз. Сол үшін «Қорыққан үйрек бұрын ұшады» деп, орыстар тез қимылдап, саяси, ақпараттық және экономикалық жақтан Украин халқын өздерінің мақсаттарына қарай бейімдеді, дайындады. Шығыс Украинадағы Орыс тілді халық пен Қырымның басым халқының сеніміне, қолдауына ие болып үлгірді. Енді халық Орыстың ымы-жымының ыңғайына қарай құлай бастады.

Украинаны  Украин халқының қолымен жаулауда

Ресей қазір қарулы соғытан гөрі ақпараттық,  экономикалық және саяси тәсілдерді пайдалана отырып Украина халқының бір бөлімінің санасын жаулап үлгірді. Ақпарттық шабуылдар арқылы Украинаның жаңа билігінің абыройын айрандай төгіп, халқының оларға деген сеніміне селкеу түсірді. Өздерін Украина халқының нағыз қорғаушылары, қормалдары етіп көрсетті. Сонымен құлаған үкіметтен қалған құр тұлыптан ақша таппаған Украина жаңа билігі бтыстан қайыр тілеп кетті. Әскерлері қашты, соғыстан бас тартты. «Беркут»  Россияға барып, тұрақты жұмысқа ілініп, қарындарын тоқтады. Оның үстіне Орыс Қырымға 6 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек беріп, Украиндерге ауыр психологиялық соққы берді. Қалың бұқара бастары айналып, ақыры Орыстан келетін көмекке телміре бастады. Орыс Украина жаңа билігіне қарата газ қарызын қайтаруды талап етіп ғана қоймай, бұрыңғы билікпен келіскен 15 миллиард долларлық көмектен қақты.

Осылайша Украина халқы кіріптарлықтың кесірінен Орыс еліне беріле бастады. Мұны мықты пайдаланған Орыстар өздеріне берілген халықтан өзін қорғау бөлімдерін құрып, Қырым түбегінің  әскери-қауыпсіздік саласын бақылауға алды. Қысқартып айтқанда, Украина елін Украина халқының қолымен жаулауға бет алды.

Орыс Будапешт Мемарандумын айналып өтудің жолын іздеуде. Тіптен, Украинаның аумақтық тұтастығын өзіміз қорғаймыз деген сылтаумен басқа халықаралық ұйымдардың, елдердің килігуіне тосқауыл жасауда. Мүмкін Украина өз аумақтық тұтастығын шынымен Орыстың көмегімен сақтап қалған болып көрінуі мүмкін. Бірақ сол үшін Орыстарға аз болмаған бодау төлейді әрі қарыздар болады. Ол Украина халқының санасына сіңеді. Міне бұл Орыс ценериясының  жеңісі болмақ. Сол үшін орысшыл халықтың айтылмыш «демократиялық шешімі» арқылы Қырымды тәуелсіздендіру мақсатына жетіп, өзінің Қара теңіз аймағындағы ықпалын кеңейтуі мүмкін.  Қалған шығыс Украина аймақтарын Украина билігіне қарсы пайдаланады.  Міне бұл «Өз қолын өзі кесе алмайтын» Украинаның трагедиялық тағдыры болмақ...

Егер Орыс пен Украина арасында шынымен қарулы соғыс туылса әрі соғыс сәлде болса ұзаққа сөзылса Орыс империясының өзінің аумақтық тұтастығына қатер төнуі мүмкін. Себебі, АҚШ бастаған батыс елдерінің көздеген мақсаттары сол соғыс. Халықаралық қоғам мен мүдделі халықтардың қарсылығына, қысымға ұшырайды, тіптен соғысқа ұласады. Оның зардабы оңай болмайтыны белгілі. Сол үшін Орыс әскери қысым мен жекелеген қимылдарға баруы мүмкін, бірақ ресми соғысқа кіруге мүдделі емес.  Бұл енді бір жағынан, ресейдің өз халы үшін беделін көттеріп, халықтың сенімін нығайтатын, рухын аспандататын пайдалы құралы. Енді бір бөлім саясаткерлер мен журналистердің әлеуметтік желідегі пікірлеріне кезек берейік:

Болат Мүрсәлім: 2000 жылдардың ортасында Путин Ресейдің "этникалық шекарасы" деген ұғымды шығарып, "этникалық шекара мүддесін қорғау - Ресейдің міндеті" дегенді заңына кіргізген. Олардың "логикасына" қарағанда, ол "шекараға" Қырым ғана емес, Қазақстанның да бірқатар аумағы кіріп кеткен. Міне бұл - нағыз қауіп! Сондықтан, Қырым мен қазақтың тағдыры бір кемеде!

Айдос Жұқан: Қырымдағы 300 мың татар үшін Түркия көмектесем дейді. 600 мың украйын мен жері үшін Украина өліспей беріспес. 1,5 млн. орысы үшін Ресей соғысамын деп әлек. "Орыс үшін" деген сылтаумен Ресей баса-көктеп кіре беретін болса, біздің жағдайымыз мүлдем мүшкіл. Қазақстанда 3 млн-нан астам орыс бар! Оған орысша шүлдірлеп, Ресейдің сойылын соғатын қазақтарды қосыңыз. Тез арада Кеден Одағынан шықпаса болмайды. Ал Қырымды қырғын әскері бар Ресейден алып қалатын Еуропа мен АҚШ қана. Ал Қытай, Жапония, Израиль, Араб елдері үшін басты ұстаным - "бірің өліп, бірің қал" боп тұр.

Фазылбек Әбсаттарұлы: Қырым татарлар Ресейге қарсы қорғануға өз беттерімен дайындалып жатыр. Осы сәтті пайдаланып барлық түркі тектес халықтар бірігіп Ресейге қарсы күрес ашуы керек. Ресейдің құлайтын уақыты жақындады. Бүкіл әлем Ресейге қарсы күреседі деп ойлаймын. Егер Ресейдің күл талқанын шығарсақ, Ресейдегі ондаған түркі тектес халықтар Тәуелсіздігін алар еді.

Амангелді Құрметұлы: Түркияның Украинаға қатысты саясатына таң қалып отырмын. Ыстамбул бұғазынан Ресейдің "Калининград" кемесін неге өткізді екен ә? Балтық теңізіндегі кеме Қырымға әскер апарған шығар. Негізі бұл кеме әу баста тек Жерторта теңізіне ғана барып қайтуы керек еді. Өткен жылдың 24 желтоқсанында жолға шыққан. Ал, әскери кемені Ыстамбул бұғазынан өткізу мәселесі алдын ала келісілуі керек. Бірақ, түріктер де, НАТО да үн-түнсіз өткізіп жіберді оны Қырымға. Сөйте тұра Түркия Қырым татарларына жақтас болғысы келеді. Еуропалық одақ Украинаны қолдаған болады. Қолдарында тетік тұрғанда үндемеді де, іс насырға шапқанда шу-шу етеді. Әй, саясат-ай... халықаралық келісімдер бар. 1936 жылғы. Онда әскери кемелердің өтуіне қатысты ережелер күшті еді. Бірақ, осы жолы орыстың кемесінің өткенін түрік баспасөзі де кеш аңғарды. НАТО да, АҚШ та, Түркия да оны біліп отырды. Шамасы батыс Ресейді арандату үшін оған жол беріп отыр немесе бұл саяси ойныдардың тағы бір серисясы шығар.

Қалай болмасын, соғыстың аты соғыс. Бірі жеңіледі.

Бейсен Ахмет

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір