• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:25:21
Алматы
+12°

04 Наурыз, 2014 NEWS

Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне құлаққағыс

Бүгін ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы Украиналық призмадан қарағанда өзекті мәселеге айналды. Неге? Өйткені, 2012 жылы Ресей Думасы Қазақстан ақпараттық...

Бүгін ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы Украиналық призмадан қарағанда өзекті мәселеге айналды. Неге? Өйткені, 2012 жылы Ресей Думасы Қазақстан ақпараттық кеңістігін игеруге 5 млрд рубль бөлген болатын. Содан бері ол ақшаның көлемі артпаса, кеміген жоқ. Оның дені жаңадан басылымдар мен электрондық ақпарат құралдарын ашуға жұмсалса, бір бөлігі қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар арқылы игерілуде. Яғни, елімізде бұрыннан асығы алшысынан түскен Ресей идеологиясы жаңа күшпен басталған интервенциядан соң, одан сайын гүлдене түсті. Қазақтілді басылымдардың аудиториясын, құнын, ұстанған бағытын біршама салмақтап көрді. Одан соң-ақ, ақпараттық кеңістігіміз толық "аннексияланды". Бүгінде ақпарат кеңістігіміз толық Ресейдің қол астында. Оған былтыр күзде "Хабар", "Қазақстан" арналарына Кремльдің басты идеологтарының келіп, журналистерге өте құпия түрде лекция оқығаны дәлел. Бүгінде ОРТ-Еуразия арнасындағы Киселевтың Ресей азаматы Замысловты әкеп отырғызуы, "Қазақстан" ұлттық арнасына Нұржан Жалауқызының Полей деген мәскеулікті кеңесші етіп отырғызуы тегін емес. Сондай-ақ, "Закон кз" сайты қызметкерлері - Я.Красиенко мен Пак дегендер бірлесіп, Социалистік партиясымақ дегенді құрып отыр. Мақсаты - ояна бастаған қазақ ұлтшылдығын тірсектен қию. Кремль қаржыландырып отырған осылар кез-келген күні ел қауіпсіздігіне сына қаға алады. "Титушка", "бесінші колонна" ролін толық атқарып, Қазақстанды бөлшектеуден тартынбайды. Сондықтан, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті тез арада ақпарат саласын ревизиялап, қауіптің алдын алғаны абзал. Мына суретті сондай "титушкалар" жариялап отыр.
Тоқтар Жақаш
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір