• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:31:11
Алматы
+12°

02 Наурыз, 2014 NEWS

Соғыс нәтижесі: Орыстар - сенімсіз, сатқын, жауыз

Қайталап айтамын, бұл соғыс - орысты, бүгінге дейін бар жиған-терген абыройынан(егер бар болса) жұрдай қылатын соғыс! Осыған ұқсас пікірді мына мен емес,...

Қайталап айтамын, бұл соғыс - орысты, бүгінге дейін бар жиған-терген абыройынан(егер бар болса) жұрдай қылатын соғыс! Осыған ұқсас пікірді мына мен емес, орыстың өз зиялылары айтып отыр.Оған дәлел, орыстың белгілі патриот композиторы әрі танымал әншісі Андрей Макарович айтып отыр. Бұл - әзірге ғана. Ертең Украинадағы орыс басқыншылығы етек алған жағдайда, орыстың озық ойлы басқа зиялылары да үндемей қалмасы даусыз. Бұл Ресей әскерінің Қырымдағы басқыншылығы - жер бетіндегі барлық орыс атаулыны жерге қарататын соғыс! Онсыз да бүгінге дейін «орыс» десе, бірінші болып көз алдарына можан-топай, жуан жұдырық, барып тұрған жан алғыш әзірейіл елестейтін әлемнің басқа халықтары енді жылап қоймай қойған баласын: «әне, орыс келе жатыр!» деп уататын болады. Бұдан кейін, басқа мемлекетттерде тұрып жатқан орыстар жаппай өз отандарына қашып баратын болады. Қазірдің өзінде батыс Украинадан, шығыс бөліктегі қалалардан, Қырымнан 200 мыңнан астам орыстар Ресейге қарай ағылуда. Әсіресе, бұрынғы ТМД мемлекеттерінде тұрып жатқан орыстарға деген сенімсіздік артатын болады. Өйткені, Ресей президенті: «біз Украинада тұрып жатқан қандастарымызға қауіп төнгеннен кейін ғана, амалсыздан осы соғысқа барып отырмыз» деді. Ол украин патриоттарынан төніп тұрған қауіптен сол мемлекетте тұрып жатқан басқа халықтарды құтқару туралы ештеңе айтпады. Осы пікірі арқылы-ақ, жергілікті халықтарды өз орыстарына қарсы қойып алғанын, бұл адам біле ме екен? Сонымен бірге бұл адам бүгінге дейін беделінен және тағынан күштеп тайдырылған, талай жазықсыз жанның қанын мойнына жүктеген, өз мемлекетінен 12 млрд АҚШ долларын ұрлап кеткен, соған байланысты оның шетелдердегі есеп-шоттары бұғуланған, халықаралық іздеу жарияланған, әлемнің бірде-бір мемлекеті мойындамайтын, қазір Ресейде бассауғалап жүрген Януковичті әлі де Украинаның заңды президенті санайтынын да ашық айтып салды. Яғни, Ресей бұл соғысқа ең алдымен Янукович үшін барып отыр деген сөз! Соңғы хабарға қарағанда, азаткер Украинаның қарулы күштері қандай басқыншылыққа да тойтарыс бере алатындай әскери сақадай-сай күйде тұр. Украинаның ұлт патриоттары ел басына төнген мына қиын сәтте қолұштарын беруге Батыс елдерін, АҚШты, т.б. мемлекеттердің назарын өздеріне аударуда. Сонымен бірге украиындықтар Ресей боданындағы Кавказ, Шешен және басқа ұлт патриоттарын азаттық үшін күресте бір саптан табылуға үндеуде. «2015 жыл - Ресей империясының бөлшектенетін жылы» деп, бұған дейін батыс сәуегейлері айтып жүргендей, түбі бұл басқыншылық соғыста Ресей мемлекеті моральдық және материалдық тұрғыдан ауыр соққыға тап болатыны айдай ақиқат! Соғыстың үлкен-кішісі, ауыр-жеңілі болмайды. Оның жеңетін және жеңілетін жағы болады. Бұл жолы да солай болғалы тұр. Басқасын айтпағанда, кешегі Совет әскерлерінің Ауғанстанға басып кіргені, соғыстың ұзаққа созылғаны, көп шығын шеккен совет әскерлерінің ол елден табандарын жалтыратқаны - кеше ғана сияқты еді. «Тарихтан сабақ алмаған - түбі оңбай опық жейді!» деген нақыл сөзді ұмытпаған жөн сияқты ма, қалай?..

Жұмаш КӨКБӨРІ 02.03.2014 жыл.
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір