• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 11:28:14
+12°

19 Қараша, 2024 NEWS

Вице-министр көкөністен таршылық болмайтынын айтты

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ішкі нарықтың отандық көкөніспен қамтамасыз етілуіне қатысты пікір білдірді.

Ашық дереккөзден

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте вице-министр осыдан бірнеше жыл бұрын ішкі нарықта картоп бағасының күрт өскені байқалғанын еске салды.

- Қазір мұндай проблема жоқ. Бұл әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастырылған шаруашылықтарда картоп өндірісі көлемін арттыруға бағытталған жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Мұндай шаруашылықтар өнімді қалалар мен ірі сауда желілеріне орталықтандырылған жеткізіліммен қамтамасыз етеді. Көкөніске қатысты да жағдай солай. Өнім жиналды және жаңа жылға дейін өзіміздің көкөніспен толықтай қамтамасыз етілгенбіз. Бұл картопты қоса алғанда сорпа жиынтығы деп аталған негізгі топқа қатысты, - деді Азат Сұлтанов.

Сонымен қатар ол көкөніске жеткізуге қатысты негізгі проблема маусымаралық кезеңде туындайтындығын атап өтті. Дегенмен, қабылданып жатқан шаралардың арқасында нарық тұрақты екендігін баса айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көкөніс Вице-министр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір