• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 11:25:47
+12°

07 Қараша, 2024 NEWS

Алматыда Мұқанов көшесін созу үшін жер телімдері мен жылжымайтын мүліктер мәжбүрлі түрде тәркіленеді

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысы қабылданды.

Ашық дереккөзден

"Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан Мұқанов көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігін салуға арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау", — делінген құжатта.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні белгіленді: 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Меншік иелерінің өтініш беретін орны: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 каб.

"Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

  • заңда белгiленген тәртiппен меншiк иелерiн хабардар етуге және жер учаскесiнiң меншiк иелерiне өтемақы төлеудi қамтамасыз етуге;
  • жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін "Алматы қаласының Қалалық көші-қон басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына өткізсін.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір