• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:22:49
Алматы
+12°

21 Қазан, 2024 NEWS

Қазақстанда жүргізушілерге мопедін тіркеу үшін қандай құжаттар керегі айтылды

Ішкі істер министрлігіне қарасты әкімшілік полиция комитеті мопед иелерінің транспортын тіркеу үшін ұсынуға тиіс нақты құжаттар тізімін жариялады.

Көрнекі сурет

Ең әуелі азаматтар жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды нысандағы құжатты алуы қажет. Сонымен қатар Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар болуы керек.

  • техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
  • транспорт иесінің өтініші;
  • көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) қажет.

Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, мопед жақтауының нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін уәкілетті орган тіркеу әрекеттері жасалғанға дейін мопед иесінің өтініші бойынша ұсынады.

Айта кетейік, қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мопедтер мен скутерлерді міндетті тіркеу туралы заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес мопедистер де А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті болады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мопедтерді тіркеу алгоритмі әлі әзірленіп жатыр. Жүргізушілер келесі жылдың сәуіріне дейін жазаланбайды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір