15 Қазан, 2024 NEWS
Ұлттық қорға салатынымыздан, алатынымыз көп – Сүлейменов
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5 пайызға өскенін айтты.
Ашық дереккөзден
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері рекордтық 107,2 млрд долларға жетті. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан рекордтық мән – 44,5 млрд долларға немесе 23,6%-ға ұлғайды. Ұлттық қордың активтері жыл басынан 4,5 пайызға ұлғайып, 62,7 млрд доллар болды. Ұлттық қордың түсімдері мен алымдарының балансы теріс қалыптасып келеді. Яғни алымдар түсімдерден асып жатыр. Бұл жағдайда қор қаражатының өсімін қолдап тұрған жалғыз фактор – инвестициялық табыс. Ол 9 айда 10,27%, яғни 6,16 млрд долларға жетті, - деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы қыркүйекте теңгенің айырбастау бағамы 1 доллар үшін 481,11 теңгеге дейін, яғни 0,1%-ға аздап нығайғанын айтады. Алайда, жылдың басынан бері 5,8%-ға әлсіреген.
Трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте Ұлттық қордан республикалық бюджетке 945 млн доллар валюта сату теңгеге қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Ұлттық банктің «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алуының валюта нарығына ықтимал теріс әсерін теңестіру аясында біз 241,5 млн долларын саттық, - деді Сүлейменов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір