• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:55:23
Алматы
+12°

02 Қазан, 2024 NEWS

Министрлерге өз пәтерін жалға беруге рұқсат берілмекші

Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты.

Көрнекі сурет

Мәжіліске заңнаманың кейбір нормаларын Конституцияға сәйкестендіруге арналған заң жобасын таныстырған шенеунік Үкімет мүшелеріне қойылатын талаптың бір бөлігі жойылатынын айтты.

«Үкімет туралы» Конституциялық заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл туралы» Заңда мұндай тыйым көзделмегендіктен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнан Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге тыйым алынып тасталады. Яғни, Үкімет мүшелері басқа саяси мемлекеттік қызметшілермен қатар өздеріне тиесілі үй-жайларды жалға бере алады», - деді ол.

Агенттік өкілі өзге мемлекеттік қызметшілерде мұндай құқық бұрыннан бар екенін еске салды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс алу құқығы бекітілген болатын. Осыған ұқсас норма «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда бар және қолданылады», - деді Ұлан Сарқұлов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жалға беру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір