• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 06:33:03
Алматы
+12°

01 Қазан, 2024 NEWS

Ақтауда декреттік демалыстағы әскери қызметкер өзіне қол жұмсаған

Ақтауда декреттік демалыстағы әскери қызметкер өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі растады.

Көрнекі сурет

39 жастағы әскери қызметшінің мәйіті өз пәтерінен табылғаны хабарланды. "Алдын ала ақпарат бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзін-өзі өлтірген. Себептері мен жағдайлар анықталып жатыр. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі. Әскери қызметкер бір жылға жуық уақыт бойы бала күтімі бойынша декреттік демалыста болғаны айтылады. "Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - деп қорытындылады ведомство.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әскери қызметкер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір