17 Қыркүйек, 2024 NEWS
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сархат Бейсенова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Өмірбаяны
Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолы
1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.
Әр жылдары Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы, департаменті бөлімінің басшысы, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019-2020 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір