• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:07:54
Алматы
+12°

17 Қыркүйек, 2024 NEWS

Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы сотталды

Қызылорда қалалық соты облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.Әбсаттаровқа қатысты үкім шығарды.

Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол бизнес өкілдеріне ұлының оқуына 1,4 млн теңге сомасында ақы төлеу және құны 6,8 млн теңге дизель отынын беру қажеттігі туралы заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы бизнес субъектілеріне 26,9 млн теңге сомасында залал келтіре отыра заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасағаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Әбсаттаровқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Облыстық бірыңғай конкурстық комиссиясының шешімі және облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметіне Дінмұхамед Болатұлы Әбсаттаров тағайындалғанын жазған болатынбыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір