• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:04:27
Алматы
+12°
Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер жүктіліктің 25-аптасында денесінің 70% бөлігін күйік шалған 20 жастағы Диана Долгованың өмірін сақтап қалып, аман-есен босандырып алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
 
Дәрігерлердің көмегімен келіншек салмағы 2,2 келі, бойы 50 см болатын дені сау баланы дүниеге әкелген.

 

Диана Бородино ауылынан Алтайдағы ауданаралық ауруханаға басын, мойнын, кеудесін және аяқ-қолдарын бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі күйік шалған жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалап, тікұшақпен Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медицина орталығына жеткізген. 

"Диана мен оның баласының өмірі үшін өңірлік және республикалық дәрігерлердің мультитәртіптік бригадасы күресті. Бөлімшедегі дәрігер-реаниматолог-анестезиолог Александр Нарейко мен оның әріптестері науқастың өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салды. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары да медициналық көмек көрсету үдерісін үйлестіріп отырды" делінген министрлік хабарламасында.

Жас анаға теріні ауыстырып салу бойынша бірнеше ота жасалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір