• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:12:37
Алматы
+12°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеу жұмысын жүргізіп жатыр. Соған байланысты агенттік тергеуден жалтарып, қазіргі уақытта шетелде жүрген Талғат Арданды жауап алуға шақырып, ресми хабарлама жолдады.

"Талғат Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 19, "Б" блогы мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келуі қажет"– деп хабарлады Антикор. 

"Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасынан жиналған дәлелдерге байланысты қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауап алынуы тиіс. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір