• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:22:41
Алматы
+12°

15 Тамыз, 2024 NEWS

Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңгенің активін қайтарады

Қайрат Сатыбалды 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарған.

Фото: Ашық дереккөз

Қайрат Сатыбалды тағы 50 млрд теңгеден астам активті мемлекетке қайтарады. Бұл туралы Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті мәлімдеді.

Комитеттің ақпаратынша, қайтарылатын активтер:

• 20 млрд теңге тұратын Дубайдағы екі вилла;

• Франция жағалауындағы 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер;

• 5 млрд теңге болатын Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік;

• Құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум мен Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған дүние-мүліктің тізімін жариялаған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір