• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:02:21
Алматы
+12°

13 Тамыз, 2024 NEWS

Бұрыннан күш көрсетіп келген: Солтүстік Қазақстанда ер адам өзінің қарт анасын ұрып өлтірді

СҚО-да 59 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрып өлтірді. Қайғылы оқиға орын алған күні қария 82 жасқа толған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көрнекі сурет

Қайғылы оқиға Тайынша ауданында болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Оған қатысы ҚР ҚК 99 бабы яғни, адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды.

"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Полицейлер бұл отбасын бұрыннан жақсы біледі. Өйткені, ер азамат өз анасын үнемі ұрып-соққан. Бірақ зейнеткер бауыр еті баласын кешіріп, оған ескерту беріліп, не 15-25 тәулікке ғана қамауға алынып, бостандыққа шығып отырған.

Енді ер адамға 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір