• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 06:11:23
Алматы
+35°

Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы бойынша әрі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде жылдағы дәстрүр бойынша науқан өткізілуде.

Бұл шара біріншіден, демографиялық саясатты жүзеге асыру болса, екіншіден, отбасылық құндылықтарды нығайту, әлеуметтік-демографиялық саясатты жүзеге асыру болып табылады. Жылда өтетін науқан биыл да өз құндылығын жоғалтпай жалғасуда. Соның арқасында сан мыңдаған бала мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Бұл науқан келесі айдың, яғни тамыз айының жиырмасына дейін жалғасады.

Облыстық білім басқармасының бас маманы Думан Даулетханұлының айтуынша,  облыста 432 мемлекетітк мектеп бар болса, онда оқитын  50 мың бала әлеуметтік көмекке мұқтаж. Және, биыл да оқушыларға жылдағыдай көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар Алматы облысы білім басқармасының «Орта білімді дамыту» бөлімінің бас маманы Айымгүл Саинқызы:

Осы жылы әр оқушыға оқу құралдарын алуға 43 407 теңгеден қаржы бөлінді. Тек баланың қамқоршысы қаражат есепшотына түскеннен кейін қаржының қай сауда орталығына жұмсалғандығы туралы есеп өткізуі тиіс.  Облыста ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар мен әлеуметтік аз қамтылған, жетімдерге, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасыдан шыққан 14012 баланың заңды өкілдеріне 608,2 миллион теңге аударылды. Науқанның басталғанына санулы күн ғана, алда бұл жұмыстар жалғасын табады», — дейді Айымгүл Саинқызы.

Одан бөлек, мамандардың сөзінше, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін материалдық көмек көлемі соңғы 3 жылда 2,5 есе артқан. Мәселен, бұған дейін 17 мың теңге болса, қазір бұл сома 43407 теңгеге өскен. Ал материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана не заңды қамқоршысы мектеп директорының атына өтініш жазу қажет.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әлеуметтік көмек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір