30 Шілде, 2024 NEWS
Тиын-тебенге сатылып кеткен Шымкенттегі Мұз сарайы мемлекетке қайтарылды
Қала прокуратурасының талап арызы бойынша Шымкент қаласындағы Спорт сарайы (қазіргі Мұз сарайы) мемлекетке қайтарылды.
Фото: ашыө дереккөзден
2017 жылы Шымкент қаласының «Спорт сарайы» ЖШС-ның 67,09% үлесі жекешелендіріліп, құны 1 млрд теңгеге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды.
Сонымен қатар Спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген және жарғылық құжаттарға сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ болғандықтан, аукционға қатысушы ретінде тіркелуге жатпайды.
Спорт сарайы оңтүстік өңірлерде қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз орын саналады.
Объектіні жекешелендіру кезінде мемлекет мүлкін қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидасына сәйкес басқаруды міндеттейтін Мемлекеттік мүлік туралы заңның нормалары бұзылған.
Сондай-ақ 5 жыл ішінде мемлекет Спорт сарайының үй-жайын жалға алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижесі жойылды.
Қазіргі уақытта шешім заңды күшіне енді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір