• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:22:14
Алматы
+12°

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 4,5 млрд бюджет қаржысын жымқырған Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтеріне үкім шықты

3 жыл бойы Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері қылмыстық топ құрып, іс жүзінде жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аудару арқылы ақша жымқырып отырған. Ұрланған қаржыны туыстарының банктік шоттарына аударып, өз араларында бөліске салған.

Сот үкімімен қылмыстық істің бас фигуранттары 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал 15 сотталушы 7 жылдан 11 жылға сотталса, 2 сотталушы келтірілген залалды толық өтеуіне байланысты шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Сонымен қатар, сотталушылардың 3 млрд теңгеден астам қаражаты, зергерлік бұйымдары, жылжымайтын және жылжымалы мүлкі тәркіленді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: заң құқық жемқорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір