• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:16:13
Алматы
+12°

Орал әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. 

Сатқановтың қызметтен кетуіне денсаулық жағдайы себеп болған. 

"Қымбатты оралдықтар, қадірлі жерлестер! Бүгін Орал қаласының әкімі қызметінен кеткенімді хабарлаймын. Мен үшін бұл қызметте екі жылдан астам оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс істеу үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылған. Жаңадан тағайындалатын қала әкімі қазіргі жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін" - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі қызметіне 2022 жылдың сәуірінен бастап тағайындалған болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: орал әкім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір