• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:36:18
+12°

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиен інісі Ұлан Жапаров ұсталды. Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы Vesti.kg ақпарат порталы мәлімдеді. 

Бішкектің Первомайский аудандық соты 21 маусымда Бішкек бойынша МҰҚК ММ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға үкім берген. Жапаровты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Алайда кейіннен қамаудан босатылған еді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір