15 Шілде, 2024 NEWS
Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылады
«Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Көрнекі сурет
Үкімет қаулысына сәйкес, «Теңіз жасағы» АҚ мемлекеттік компаниясы келесі қызметтерді атқарады:
1. Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне әрекет ету экологиялық базасын және Каспий теңізінің қайраңында іске асырылатын басқа да теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсететін инфрақұрылымдық нысандарды пайдалануға беру, пайдалану, басқару және сервистік қызмет көрсету;
2. Каспий теңізінің қайраңында іске асырылатын теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсететін инфрақұрылымдық нысандарды жасау;
3. мұнайдың төгілуінің алдын алу және төгілген жағдайда теңізде және жағалауда әрекет ету жұмыстары;
4. мұнай-газ жабдығын шығару және сервистік қызмет көрсету жобаларына қатысу;
5. мұнай-газ саласында техникалық қолдау көрсету.
Сондай-ақ, қаулы жобасында компанияның жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысатыны айтылған.
«Теңіз жасағы» акционерлік қоғамына Төтенше жағдайлар министрлігіне иелік етпек және компания Маңғыстау облысында орналасады. Қаулы жобасы 26 шілдеге дейін көпшілік назарына талқылауға ұсынылып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір