• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:08:45
Алматы
+12°

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері болып сайланған Станислав Черчесов пен оған қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке қатысты болған жағдайға пікір білдірді. Бұл туралы Sport24.ru порталы жазды. 

"Станислав Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ, ең бастысы — біздің менталитетімізді, дәстүріміз бен мәдениетімізді түсіну. Ол қазақ тілінде қысқаша диалог орнатып, амандаса алуы маңызды екенін түсінуге тиіс. Черчесовтен біздің тіліміз бен дәстүрімізді құрметтеу ғана талап етіледі, ал ол өз кезегінде қазақстандық футболды дамыту үшін барын салады" - деп мәлімдеді Әділет Барменқұлов. 

Сондай-ақ, ол Черчесовтың қазақ тілін үйренуі туралы мәселе болмағанын айтты. 

"Черчесовтың қазақ тілін үйренуі бойынша ешқандай мәселе жоқ және біздің журналистер оны қабылдады. Меніңше, бұл жағдайда біреудікі қате, біреудікі дұрыс дей алмаймыз. Станислав Саламовичтің өзіндік болмысы бар және мұны бәрі жақсы түсінеді. Бізде "басы қатты болса, аяғы тәтті болады" деген сөз бар. Біз, қазақтар, барлығына құрмет көрсетеміз", - деді Барменқұлов. 

Еске сала кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткеннен кейін оның орнына Станислав Черчесов тағайындалған болатын. Кейін Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұрақ қойған журналистпен сөз таластырып қалған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір