10 Шілде, 2024 NEWS
Париж-2024: Қазақ спортшылары Олимпиадада қандай спорт түрлерінен сынға түседі
Санаулы күндерден кейін, нақтырақ айтсақ, 26 шілде күні Франция астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады.
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан спортшылары бүгінгі күнге дейін 25 спорт түрінен 80 лицензия жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Жекелеген спорт түрлері бойынша қазақстандық боксшылар ең көп жолдаманы жеңіп алды.
Ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда (7 боксшы), ал әйелдер құрамасынан 3 боксшы жалпы 10 боксшы сынға түседі.
Одан кейінгі ең көп жолдаманы татами шеберлері жеңіп алды. Онда ерлер 5 салмақта, ал әйелдер 3 салмақта ел намысын қорғамақ. Үшінші орында жеңіл атлеттеріміз (7 спортшы) тұр.
Өкінішке қарай, биылғы Париж Олимпиадасына ауыр атлетеріміз бен әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз жолдамаға қол жеткізе алмады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір