• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:19:08
Алматы
+12°

Қостанай облысында дәрігерлік амбулаториялар салатын компанияның бас инженерінен пара алған лауазымды тұлға ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Авторлық қадағалау тобының басшысы амбулаторияны пайдалануға беретінін растайтын құжатқа қол қойғаны үшін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салатын компанияның бас инженерінен 9 млн теңге пара алған.  

Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% тең. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір