05 Шілде, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында екі азаматтық тұлға және бір келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, марқұмдар кәріз жүйесін тазалау кезінде кәріз газына уланып мерт болған.
"Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде орын алды. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты. Тағы бір жұмысшы мен әскери қызметші Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр" делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабы бойынша тергеу басталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір