05 Шілде, 2024 NEWS
Фото: ҚР МҰҚК
Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деструктивті топтың 4 мүшесін ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Қырғыз Республикасының МҰҚК деструктивті топтың әрекетінің жолын кесті. Комитеттің хабарлауынша, олар билікті күштеп басып алу үшін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру арқылы елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру турлы жоспар құрған.
Қазіргі таңда 4 адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмыстық топ мүшелері радикалды діни идеологияны насихаттаған.
Күдіктілерге жасалған тінту нәтижесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға арналған бөлшектер, атыс қаруы, оқ-дәрі, рация, сауыт-саймандар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы киімі, дрондар, экстремистік мазмұндағы әдебиет, сондай-ақ басқа да тыйым салынған заттар табылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір