03 Шілде, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз қызметіне қоса Ұлттық инвестициялық орталықты басқаратын болады. Бұл туралы премьер-министрдің қаулысында жазылған.
"Инвестициялық қызмет жөніндегі Ұлттық Орталық құрылсын. Ұлттық орталық өз қызметін Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы негізінде жүзеге асырады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз қызметіне қоса Ұлттық инвестициялық орталықты басқаратын болады", — делінген қаулыда.
Роман Склярға жаңа мемлекеттік құрылымның басшысы ретінде жүктелген міндеттер:
- ИҚҰО жұмысын ұйымдастыру және ИҚҰО жұмысына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін тарту;
- ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлердің міндеттері мен функционалдық міндеттерін айқындап, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларына жұмыскерлерді ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының атына ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлерді көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар енгізу;
- Премьер-Министрдің бірінші орынбасарын ИҚҰО жұмысының туралы тоқсанына бір реттен хабардар етіп тұру;
- ИҚҰО жұмыс топтарын құру.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір