01 Шілде, 2024 NEWS
Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі
28 маусым күні Қырғызстанда Ош облысының Нооқат ауданында жойқын сел болып, салдарынан 8 адам қаза болды.
Қаза болғандар ішінде Қазақстан азаматтары да бар. Қазіргі уақытта қаза тапқан 4 баланың денесі Өскеменге жеткізілді. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Апат болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен бірге Қырғызстандағы туыстарына қонаққа барған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір