28 Маусым, 2024 Барлық аймақтар
"Президенттікке кандидат ұсынуға құқығы бар": "Ескі Қазақстан құрбандары" қозғалысының мүшелері саяси партия ашпақ
28 маусымда Алматыда кәсіпкерлер, қоғам өкілдері мен заңгерлер баспасөз мәслихатын өткізіп, "Ескі Қазақстан құрбандары" атты өздерінің саяси партияны құруға ниеті барын мәлімдеді. Басты мақсаттары – Қазақстанның барлық өңіріндегі күш құрылымдарының басшылығын түгелдей қызметінен босату, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Фото: orda.kz
Баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Жарқын Күрентаев құқық қорғау жүйесін реформалау үшін митингілер өткізуден бас тартқанын айтты. Ол мамыр айының соңында наразылық акцияларына өтініш беріп қойған.
"Негізі, билік митингілерді өткізуге рұқсат беруден бас тартады деп болжадық. Бірақ біз бұл талпыныстарымыздан бас тартпаймыз. Қазір жалпыұлттық митингілер өткізуге құқығымызды қорғау үшін сотқа шағым түсірдік", – деді Жарқын Күрентаев.
Қоғам белсендісінің айтуынша, Қазақстанның құқық қорғау жүйесі азаматтар мен билік арасындағы "бөлу сызығы" іспеттес екенін, әрқашан заңға сәйкес әрекет ете бермейді. Кейбір қауіпсіздік қызметкерлері, әсіресе, жоғары шенділер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланады дейді Жарқын Күрентаев.
Бұған қозғалыстың басқа да мүшелері пікір білдіріп, өңірлердегі құқық қорғау органдарының басшылығын толықтай өзгертуге қол жеткізу қажет екенін атап өтті.
"Президент Тоқаев біздің құқық қорғау жүйеміздің қалай жұмыс істейтінін көріп, Маңғыстау облысындағы барлық құқық қорғау органының басшыларын жұмыстан шығарды. Біз президенттен құқық қорғау жүйесін реформалауды жалғастыруды сұрайтын береміз. Қоғам бізді Ермұрат Бапи сияқты бір мандатты депутаттар ғана емес, "АМАНАТ" партиясының депутаттары, атап айтқанда, 19 маусымдағы пленарлық отырыста сөз алған Ерлан Саиров мырзаның қолдайтынын байқады", – дейді кәсіпкер Нұрлан Бимурзин.
Бұған дейін кәсіпкер Нұрлан Бимурзин өзінің бизнесін Әлия Назарбаева рейдерлік жолмен басып алды деп айыптаған еді.
Ұсыныстарын жүзеге асыру үшін "Ескі Қазақстан құрбандары" өз партиясын құруды ұйғарыпты. Баспасөз мәслихатында олар бұл процестің басталғанын ресми түрде мәлімдеді.
"Біз республикалық қоғамдық бірлестік негізінде саяси партия құрылатынын жариялаймыз. Заңгерлермен ақылдаса келе, бұлай саяси партия құруға бізге ешкім рұқсат етпейтінін түсіндік. Біз қазір республикалық қоғамдық бірлестік құрып жатырмыз. Енді партияның президенттікке кандидат ұсынуға құқығы бар. Біз жай ғана саяси амбицияларымызды жариялап отырған жоқпыз. Біз әділетсіздікпен кез келген заңды жолмен күресетінімізді мәлімдейміз", – деп түйіндеді сөзін Жарқын Күрентаев.
Еске салайық, "Ескі Қазақстан құрбандары" тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелерін 2022 жылғы қаңтар оқиғасына дейін жасаған заңсыз әрекеттері үшін қатаң түрде айыптайды. Қозғалыс мүшелері әлі де қоғамдық үдерістерге айтарлықтай ықпал ете алмаса да, олардың бір жеңісі бар. Себебі маусым айының басында Әлия Назарбаева кәсіпкерлер Бимурзин мен Қалиевке қарсы сотта жеңіліп қалды. Кәсіп иелері оны рейдерлік жолмен басып алды деп айыптады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір