• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 04:30:30
Алматы
+12°

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елдегі интернет сапасына өз бағасын берді. Оның айтуынша, Қазақстанда интернетті пайдаланатын халықтың үлесі дамыған елдер деңгейінде. Бүгінгі күні бүкіл әлемде Интернетті тұтынудың қарқынды түрде өскені байқалады. Қазақстанда 2020 жылға қарағанда трафиктің өсуі 61,5 пайызға, ал абоненттер саны 12,9 пайызға өскен.

«Speedtest Ookla-ның 2024-ші жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, Қазақстан 43,62 Мбит/с орташа интернет жылдамдығымен 66-орында (Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға қарағанда жоғары)» – дейді ол.

"Мен Токионың жылдамдығын өлшеген емеспін. Маған ең маңыздысы — Қазақстандағы интернеттің жақсы болуы. Сол үшін жұмыс істеймін", — деді министр.

Тілшілер ведомство басшысынан елдегі интернеттің қазіргі жылдамдығына қандай баға беретінін сұрады.

"Интернет сапасы жақсы жерлер де бар, орташа жерлер де бар. Сапасы төмен жерлерді тексереміз де, жақсарту үшін жұмыс істейміз", — дейді министр. 

Сондай-ақ, "Интернет сапасына көңіліңіз тола ма?" деген сұраққа да министр:

"Назарға алып, жұмыс істейміз, біраз мәселе бар" деп жауап берді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: интернет сапасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір