• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қараша, 03:08:45
Алматы
+12°

14 Маусым, 2024 NEWS

"Жол жабылып, ауылдан шыға алмай отырмыз": Қоянқұс тұрғындары дабыл қақты

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Қоянқұс ауылының тұрғындары «Өзіміз қалтамыздан қаржы шығарып жасаған жалғыз жолымыз жабылып қалды.Енді қалай жүрерімізді білмейміз, аспанмен ұшып жүреміз ба?" деп дау көтерді. 

Қоянқұс ауылы

Бір көшенің жабылуы тек жалғыз Қоянқұс ауылына Жаңа талап, Жаңа дәуір, Ынтымақ, Байсерке жиыны 12 ауылдың тұрғындарына зиянын тигізуде. Зираттан бөлек, жаңағы газпромның қасындағы жолмен қапшағайға,  қалаға шығып жүрген ол жолды күні кеше жауып тастаған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, 1 түннің ішінде тұрғындардың жүретін жалғыз жолын әкімдік "Көпірді жөндейміз" деп жауып тастаған. Аяқасты мұндайды күтпеген халық әбігер күйге түскен. Мәселені көтеріп тұрғындар жиналғанда құрылыс өкілдері де, әкімдік тарапынан да төбе көрсеткендер болмаған. Бұдан соң алға тартқан халық енді кімге барып базынамызды айтамыз деп ашынды. 

Ал жергілікті биліктегілер тұрғындарға қосымша жол салып жатқандықтарын айтады.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрдәулет Қалдаров:

Жолымбет көшесінде уақытша автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды. Себебі, бұл көпір автокөліктердің жүруіне қауіпті болғандықтан, көпірді жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоспар бойынша бұл көпір 31 тамызға дейін жабылады. Ал тұрғындардың қалаға қатынауы үшін қосымша жолдарды салып жаырмыз, – дейді

Десе де, Қоянқұс ауылының тұрғыны, белгілі журналист Қарлығаш Зарыққанқызы ауылға жедел-жәрдем көліктері мен өрт сөндіру көліктері келмейтінін, келген күнде де ауылға кіре алмайтынын айтады.

- Жекеменшік жер деп жанында тұрған көшені де жауып тастады. Қасында жанармай құю бекеті тұр.  Ол жерде қазір құрылыс жүргізіп жатыр. Құрылыстың заңсыз ба, заңды ма екенін сұрап прокуротураға сұраныс та жібердік.  Ол жерді мемлекет алуы керектігін де айтып бірнеше жыл болды айтып жатырмыз.  Өйткені жол түсуі керек. Қызыл сызықта тұрған жер екені белгілі болып тұр.  Бірақ құзырлы органдардың шара қолданар түрі жоқ. Мысалы, менің мүмкіндігі шектеулі қызым бар.  Қай уақытта қай кезде «приступ» ұстайтынын білмейміз. Ұстап ауырған кезде адам төзбейтін жағдайда қалаға больницаға барамыз.  Жедел жәрдемді тосуға да болмайды.  Ондай сәтте бізге әр секунд бағалы. Тұрғындардың қалаға қатынайтын жалғыз жолы Кемел шағын ауданындағы көпір еді.  Оны Жетісу ауданы әкімдігі апатты жағдайда тұр деп жауып тастады. Ол көпірді жоспар бойынша 31 тамызда береміз дейді.  Бірақ көпір құрылысы әлі басталған жоқ. Қоянқұстың өзінде ғана елу мыңдай тұрғын бар.  Көрші ауылдар Жаңа дәуір,  Жаңа талап, Ынтымақ тағы басқа бірнеше ауыл тұрғындары осы көпірмен жүреді.  Сонда қаншама халық осы көпір арқылы қалаға өтетін. Ал Жетісу ауданы әкімдігі көпір құрылысын бастауға асықпайды.  Қосымша жол салдық деп халықты зираттың ішімен жүруге мәжбүрлеп отыр.

Бұл жерде қанша мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Күнделікті диализге баратын,  күнделікті жедел жәрдем көмегіне жүгінуге тура келетін науқастар бар.  Бұл мәселе шешімін табуы керек.  Қоянқұс қазір жаңадан құрылған Алатау қаласына кірген ауыл.  Алатау қаласының әкімдігі де бұл жайттан хабардар. Сондықтан Жетісу ауданы әкімдігімен бірлесіп жедел түрде мәселені шешіп береді деп ойлаймыз.
Жалпы,  Алатау қаласы президенттің тапсырмасымен құрылған экономикалық дамушы қала болуы керек.  Жауаптылар «бұл жерді екінші Сингапур жасаймыз деген жоспарымыз бар» деп жүр.  Бірақ мына түрімізбен Сингапурды бекер армандап жүргеніміз айғақ, - дейді.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір