• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:47:10
Алматы
+12°

12 Маусым, 2024 NEWS

Кәрім Мәсімов уақытынан бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе? – депутаттар жауап берді

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов уақытын бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе? Мәжіліс кулуарында депутаттар пікірін айтты.

Фото: ашық дереккөзден алынды

Депутат Ерлан Саиров Кәрім Мәсімовтің активтерін қайтару бағытында жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Отанға опаздық" бабы бойынша қылмысқа ешқандай кешірім беруге болмайды. Мәселен, егер ондай адамға бүгін рақымшылық берсек, ертеңгі күні Қазақстан мемлекетіне қарсы жұмыс істемесіне кім кепіл? Кәрім Мәсімовтің қаржысы әлі қайтарылған жоқ. Оның миллиардтаған доллары шетелде жатыр. Сондықтан бұл істі жіті қарап, мемлекеттің мүддесі тарапынан шешім қабылдануы керек, – деді Ерлан Саиров.

Тағы бір Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, мемлекетке опасыздық жасаған адамға рақымшылық берілмейді.

Мемлекетке қастандық жасап, оның үстіне 230-дан көп адамның өліміне кінәлі болған адамды қанша жыл өтсе де бостандыққа шығармау керек деп ойлаймын. Ол мемлекетке қастандық жасап, быт-шыт қылып жібере жаздады. Біз Қазақстанымызды жоғалтып ала жаздадық. Сирия секілді жағдайға душар болудың алдында қалдық. Сондықтан мұндай адамдарға ешқандай рақымшылық болмауға тиіс, – деп жауап берді депутат Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов биылғы жылдың наурыз айында рақымшылық жасау туралы өтініш берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір