• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:08:56
Алматы
+12°

06 Маусым, 2024 NEWS

Совет мультфильмдері қазақ тілінде экранға шықпақшы

Сенат депутаты совет мультфильмдерін қазақшалап экранға шығару мәселесін көтерді.

Көрнекі сурет

- Өзектілігін жоғалтпаған совет мультфильмдерін қайтадан мемлекеттік экранға шығару мәселесіндегі сіздің ұстанымыңыз қандай?  - деп сұрады Сенатор Жанна Асанова «Масс-медиа туралы» заңды талқылау кезінде. 

Вице-министр мұндай бастаманы ішінара қолдайтынын айтты.

- Балалар ертегілерін ретрансляциялау туралы сұраққа келсек, совет мультфильмдері өзекті болған кездің шет жағасын біз де көрдік. Менің жеке көзқарасым бойынша, ол мультфильмдер шынымен де еңбек құндылығына, жақынға құрмет, Отанға деген махаббат құндылықтарына сәйкес келеді. Біз бұл бағытта жұмыс істейміз. Жалғыз атап өткім келетіні, біз ретрансляцияламаймыз, аудармасы болады. Яғни архивтен алып, мемлекеттік тілге аударып көрсетеміз және әлеуметтік желідегі жұмысты күшейтуге қолданамыз. Өйткені 3-18 жас аралығындағы өскелең ұрпақтың үлкен бөлігі әлеуметтік желіде отырады. Сондықтан аударма, дубляж мәселесін бақылауда ұстаймыз, - деді Қанат Ысқақов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір