• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:32:10
Алматы
+35°
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітілгенін хабарлады.

Жұмыс тобының құрамына парламент депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірген.

Министрлік сонымен қатар жұмыс тобына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылғанын хабарлады.

Алайда "Нет утильсбору" қозғалысы жетекшілерінің бірі, белсенді Санжар Боқаев үкіметтің жұмыс тобына қозғалыс мүшелері шақырылмағанын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: утиль алым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір