• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 09:32:36
Алматы
+35°

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында 105 млн теңгеден астам қаражат жымқырған шенеуніктер сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Мәдениет және спорт министрлігі мұрағат істері және құжаттама комитеті төрағасының орынбасары мен IT-компанияның директоры мемлекеттік бағдарламаға бөлінген ақшаға жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алған. 

Сотталушылардан келтірілген залал сомасын өндіріп, әрқайсысына 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 

Сонымен қатар, бұрынғы мемлекеттік қызметші мемлекеттік наградалары мен мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылса, мердігер компанияның басшысы 7 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір