• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:04:28
Алматы
+12°

31 Мамыр, 2024 NEWS

Жаңа 10 мың теңгелік банкнота айналымға шығады: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Қазақстан Ұлттық банкі 2024 жылғы 28 маусымда 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 10 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады.

Фото: Ұлттық банк

2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайндағы номиналы 10 мың теңгелік "Сақ стиліндегі" банкноттар айналымға 28 маусымнан бастап шығады. Банкноттар жаппай қолданысқа 2024 жылғы қыркүйекте беріле бастайды. "Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет", - деп мәлімдеді банк өкілдері.

Банкноттардың түсі – күлгін-көк. Банкнотаның бет жағында: көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы); ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы; артефакт – тау шыңындағы барыс бейнелі әшекей (Есік қорғаны, б.з.д. 5-4 ғғ., Алтын адамның бас киіміндегі деталь, қар барысы – батылдықтың, күш пен сұлулықтың символы).

Артқы жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан мен Қазақстанда мекен ететін барыс бейнеленген. Негізгі суреттің артында дөңгелек пішіндес қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:

"Қалқан" – құндылықтарды қорғау; ежелгі символ – әлемнің төрт құбыласы; ортасындағы күн белгісі – шығармашылық қуат пен өмірдің символы. Сондай-ақ банкноттың сырт жағында артефакт, яғни аузында грифондары бар барыстың басы бейнеленген (Берел қорғандары "Патшалар Алқабы", б.д. д. 8-7 ғғ., ШҚО, безендіру элементі, мақсаттылық пен күштің символы). Банкноттың ортасында фон ретінде қазақ ою-өрнегіндегі "шексіздік" контуры бар. Онда Іле Алатауы тауларының ландшафты көрініс тапқан.

Банкноталарды айырбастау және айналымда қатар жүру кезеңін белгілеу тәртібі туралы Ұлттық банк өкілдері айналымда жүрген 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 мың теңгелік ұлттық валюта банкноттары екі жыл бойы ауыстырылатынын атап өтті. Жаңа және ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2024 жылдың 28 маусымнан 2026 жылдың 28 маусымына дейінгі аралықты қамтиды. Ол кезең аяқталғаннан кейін, яғни 2026 жылғы 28 маусымнан бастап барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноталарды 3 жыл ішінде, яғни 2029 жылғы 28 маусымға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір