• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:39:53
Алматы
+12°

01 Мамыр, 2023 NEWS

Алматы облысында халықтың әлеуметтік-демографиялық дамуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Алматы облысында әлеуметтік-демографиялық бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Көрнекі сурет

Алматы облысында әлеуметтік-демографиялық бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, өңірдегі тұрғындар мен бала санының артуына байланысты Есік қаласында жалпы білім беретін мектептің құрылыс жұмыстарының нөлдік циклының аяқтауымен жаңа ғимараттардың алғашқы тасы қаланды.

Жоба бойынша 900 оқушыға арналған жаңа мектептер салынуда. Бұл демографиялық ахуалдың артқандығының белгісі. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында көпбалалы отбасылар мен тұрмысы нашар отбасыларға атаулы көмектер жасалып келеді. Соның ішінде баса назар аударатындығы, білім беру ұйымдарында тұрмысы төмен отбасылар білім беру мекемелерінде тегін тамақпен қамтылды.

Яғни, биыл облыста 3064 әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар мен 1160 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 95 475 бала тегін тамақпен қамтылған. Сондай-ақ екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен әрі оқытумен қамту – 92,3 пайызды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға артып отыр, Ал 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 94,3 пайызды құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға артқан. Сонымен қатар балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатымен қадамдық жоспарларға сәйкес жаңа орындар да ашылып жатыр.  

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы: «Балалардың санының артуына байланысты Алматы облысында мектептердің жетіспейтіндігі білінеді. Яғни, оның елу үші үш ауысымдық режимде жұмыс істеп келді. Былтыр біз отандық кәсіпкерлерге «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы барысында жаңа мемлекеттік мектептердің құрылыстарын қаржыландыру бойынша өтініш айтқан болатынбыз. Енді міне, кәсіпкер Болат Өтемұратовтың қолдауымен Алматы облысына Есік пен Шелекте мектептердің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр» дейді. Сондай-ақ ол: «ауданы 12,5 мың км2 мектеп 900 оқушыға есептелген. Оқу кабинеттерімен қатар рекрециялық аймақтармен оқу-өндірістік шеберханалармен, спорт және коворкинг-кеңістігімен жабдықталады. Есік қаласында жаңа мектептің ашылуы мен аумағында тұратын барлық баланы қабылдап, Алматыға күнделікті қатынап оқитын оқушылардың сапарларын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді» дейді.

Сондай-ақ демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға байланысты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үлесі 75,2 пайызды құрады. Яғни, Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі және орта, техникалық, кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша Қазақстан Республикасының №249 қаулысын орындау мақсатында 2023 жылы 78 мектепті жаңғыртуға 6,4 млрд теңге қарастырылып, 70 мектепке 86 жаңа модификацияланған кабинет сатып алынды. Бұл өңірдің әлеуметтік-демографиялық жағдайының артуына сеп болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір