• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:09:21
Алматы
+12°

Ақтөбеде атыс болып, бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде қаза тапты. Атыс 27-нен 28-іне қараған түні болған. Ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады. 

28 мамырда Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық көмек ауруханасына 18 бен 22 жас аралығындағы 9 тұрғын жеткізілген. Олар пышақ жарақатын алып,  аяқтарына оқ тиген.

2006 жылы туған азамат реанимацияда көз жұмған. Бірнеше пышақ жарақатын алған ол 30 минут бойы жансақтау бөлімінде болған.  Алайда дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады. Ал қалған  8 адам травматология бөліміне жеткізілген. 

Жергілікті полиция төбелеске қатысқандарды анықтап, қылмыс жасады деген күдікпен 4 адамды ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: атыс заң құқық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір