• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:22:25
Алматы
+12°

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдегі АҚШ азаматтарының мүлкін тәркілеуге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Президент өз әрекетін АҚШ-тағы Ресей активтерінің бұғатталғанына қарсы жауап деп түсіндірді. Заң жобасын ТАСС агенттігі әлеуметтік парақшасында жариялады. 

Құжатта Ресей үкіметі АҚШ әрекетін  «халықаралық құқыққа қайшы» деп бағалайды. Жарлыққа сәйкес, АҚШ-та мүліктері тәркіленген ресейлік компаниялар шешімді негізсіз деп танып, Ресей сотына шағым түсіруге  құқылы. Егер Ресей соты АҚШ мемлекеттік мекемелерінің шешімін негізсіз деп таныса,  Ресейдегі АҚШ азаматтарының мүлкін тәркілеу арқылы шығынның орнын толтырады.

Заң жобасын іске асыру үшін арнайы комиссия құрылып, АҚШ-тың заңды тұлғаларына тиесілі мүлікті, соның ішінде шығынның орнын толтыруға болатын құнды қағаздарды анықтайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір