• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:51:04
Алматы
+12°

Норвегия елге ресейліктердің кіруіне байланысты бірқатар шектеу енгізді, деп хабарлады Германиялық ақпарат ресурсының орыс тілінде шығатын dw.com сайты.

29 мамырдан бастап туристік мақсатта келген ресейліктер елге кіргізілмейтін болады.

Елге туысына, оқу немесе жұмыс мәселесі бойынша келген ресейліктерге ғана кіруге рұқсат етіледі.

Норвегия бұл шешімді Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты ұстанымын айшықтай түсу үшін қабылдаған.

Ел билігі Ресеймен шектесетін Стурскуг пунктіндегі жағдайды жіті бақылап отырғанын, қажеттілікке қарай тиісті шара қабылдауға әзір екенін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір