• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:09:26
Алматы
+12°

22 Мамыр, 2024 NEWS

Павлодарда есірткі өндіретін жасырын орын анықталды

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталды.

Фото: ашық дереккөзден

2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам «мефедрон», 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

«Қара нарықта» алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есірткі Павлодар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір