29 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Жолаушылар вагоны жаңартылды
«Алматы – Петропавл» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында 12 вагон жаңаларына ауыстырылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіне сілтеме жасап.
фото: Gov.kz
Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Түрксіб Астана» ЖШС. Сонымен бірге, тағы 10 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Жолаушылар вагондары «ЗИКСТО» АҚ отандық зауытында жасалған. Олар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары да бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір