• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:07:09
Алматы
+12°

18 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Көші-қонға қатысты заң Мәжіліске қайтарылды

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қаралды.

Фото: parlam.kz

Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген Заң халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

«Қарастырылып отырған заң Сенат депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен 10 жұмыс тобының, бас комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты талқыланып, қарастырылды.

Заңды талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында заңды жетілдіруді көздейтін маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Барлық ұсыныстар мен ескертулер 11 түзетуден тұратын салыстырмалы кестеге жинақталып, сенаторлардың назарларыңызға ұсынылып отыр. Оларды атап айтатын болсақ, құқықтық қайшылықты болдырмау мақсатында Жер кодексіне қоныс аударушыларға конкурстан тыс тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мерзімдеріне қатысты толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексі 428-1-бабының екінші бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қылмыс жасаған жағдайда екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қатаңдатылып, жазаның балама түрлері алынып тасталды», - деді сенатор Советбек Медебаев.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мәжіліс Сенат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір