17 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Алаяқтық жасаған нотариус сотталды
Шымкентте нотариус қылмыстық іс бойынша 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірген
Көрнекі сурет
Сотта анықталғандай, жеке нотариус жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын және қызметтік өкілеттігін өз пайдасына қолданып, несие немесе кепілшартын жасаудың орнына, сатып алу-сату шартын куәландырғаны анықталған. Кейін ол үшінші тұлғаларға меншік құқығын бекітіп, Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеу туралы келісімді заңсыз жіберген.
Қылмыстық іс бойынша 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.
Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жыл бас бостандығын шектеуге, ал оның сыбайластарын 3 жылға және 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Прокуратура Шымкент қаласының тұрғындарына нотариустардың қатысуымен жылжымайтын мүлікке құжаттарды ресімдеу кезінде абай болу, қажет болған жағдайда заңгерлерден кеңес алу қажеттігін ескертеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір