• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:34:20
Алматы
+12°

Қырғызстанда жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсету және адам өлтіру фактісі бойынша жаза қатайту ұсынылды. Жоғарғы кеңес депутаты өз сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң қабылдаған Қазақстанды мысалға келтірді.

"Қазақстанда бір айдан бері әйелін ұрып өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ашық сот отырысы өтіп жатыр. Соның негізінде Қазақстанда ел арасында "Салтанат заңы" деген атауға ие болған заң қабылданды. Енді біреу біреуге қол көтеріп, денесін сәл көгертсе де, қылмыстық іс қозғалады. Бізге де жазаны қатайтатын осындай заң керек", – деді Жоғарғы кеңес депутаты Шарапатқан Мәжитова. 

Еске сала кетейік, жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Республикалық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойған болатын.  

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір